Freedom Inside '26

Сайран көлінде құтқарушылар қызды ажалдан арашалап қалды

Сайран көлінде құтқарушылар қызды ажалдан арашалап қалды
ТЖД

Алматыдағы Сайран көлінде құтқарушылар қызды ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алған. ТЖД қызметкерлері Алмалы ауданындағы Сайран көлін патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан қызды байқап қалған.

Жағалауда кезекшілік атқарып жүрген мамандар жедел әрекет етіп, қызды судан шығарып, жағаға жеткізген.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, құтқарылған қызға көмек көрсетілген.