Пәкістан билігі АҚШ пен Иран арасында келісім жасалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар тараптар аймақтағы қақтығыстарды, оның ішінде Ливандағы әскери іс-қимылдарды тоқтату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген, деп хабарлайды dalanews.kz.
BBC-дің хабарлауынша, осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты теңіз блокадасы алынатынын және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданатынын мәлімдеген. Бұл ақпаратты Тегеран да растады. Алайда әзірге келісімнің нақты шарттары жарияланған жоқ.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қарқынды келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісім жасалғанын хабарлады.
Оның сөзінше, екі тарап барлық бағыт бойынша, соның ішінде Ливандағы әскери іс-қимылдарды дереу әрі толық тоқтату туралы келісімге келген.