Қазақстанда рубль сатылымы соңғы екі жылда рекордтық көрсеткішке қол жеткізген

Кәмшат Тілеухан 24 дек. 2024 12:24 385

Соңғы екі жылда Қазақстанда Ресей рублінің нетто-сатылымы рекордтық көрсеткішке ие болды. 2024 жылдың қазан айында еліміздегі ақша айырбастау орындарында Ресей рубльдерін нетто-сату көлемі 8,8 млрд теңгені құрады, бұл - соңғы екі жылдағы ең жоғарғы айлық көрсеткіш, деп хабарлайды Dalanews.kz Ranking сараптамасына сілтеме жасап.

"Мәселен, 2023 жылдың қазан айында нетто-сауда көлемі мүлде теріске кеткен: минус 6,1 млрд теңге. Бұл Ресей валютасына деген қызығушылықтың төмен екендігінің айғағы. Осы кездегі қазақстандықтардың рубльге деген қызығушылығының төмендеуіне 2022 жылы Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдарының басталуы түрткі. Ал оған дейін, 2021 жылы рубльдің орташа айлық таза саудасындағы көлем 45,4 млрд-тан 88,8 млрд теңге аралығында жүрді",- дейді сарапшылар.

Өңірлік бөліністе 2024 жылғы қаңтарқазан айларында Ресей рубльдерін Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының ақша айырбас орындары көптеп сатқані: 10,6 млрд және 7,6 млрд теңге. Олардың ізінен Ақмола мен Маңғыстау облыстары өкшелейді: 4,1 млрд және 3,5 млрд теңге. Жалпы, рубльді нетто-сауда көлемінің оң белгісі еліміздің 20 өңірінің 16-сында тіркелген.

Сарапшылар ағымдағы өсімді аймақтағы экономикалық жағдайдың өзгеруімен байланыстырады, бірақ Ресей валютасына сұраныстың ұзақ мерзімді перспективалары әлі де дүдамал күйде қала бермек.   


Рекомендовать
Последние новости