Қазақстанда Pfizer екпесін балаларға сала бастауы мүмкін

Dalanews 16 июл. 2021 12:27 782

Қазақстанда 12 мен 18 жас аралығындағы балалар Pfizer вакцинасын ала алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Егер халықтың қай тобына вакцина салынатындығы туралы айтатын болсақ: қазіргі кезде қолданыстағы барлық вакцина түрі 18 жасқа дейінгі балаларға біздің елімізде қолдануға болмайды. Ал Pfizer вакцинасы 12 мен 18 жас аралығындағы балаларды вакциналау үшін қолданылады. 18-ден бастап - жас шектеуі жоқ. Сондықтан біз бүгін балаларды вакциналау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, өйткені Қазақстанда бұл топ - 12-18 жастағы жасөспірімдер - 2 миллионға жуық, - деді ол ОКҚ-да өткен брифингіде.

Оның айтуынша, бұл өте үлкен ауқым.

Сонымен қатар, біз "дельта штаммыны" таралуын, оның тез дендеуін ескере отырып, өкінішке орай, бүгінгі күні балаларымыздың жиі ауыруға шалдығатындығын мәлімдейміз. Енді біздің алдымызда ересектерді ғана емес, балаларды да қорғау міндеті тұр. Бірақ, сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, балаларға вакцина тек ата-аналарының немесе ресми қамқоршыларының, балалардың ресми өкілдерінің рұқсатымен жасалатындығын атап өткім келеді, - деп сөзін қорытындылады комитет басшысы.

Рекомендовать
Последние новости