Қазақстанда орыс тілінің аясы тарылуда ма?

Dalanews 24 сент. 2017 18:33 873

"Еуразия әлемі" пікірсайыс клубының осы жолғы отырысы жалпы посткеңестік кеңістікте аса өзекті тақырыпқа арналды.

 Нақтылап айтсақ, пікірсайысқа шақырту алған сарапшылар "Қазақстан мен Ресей әріптестігіндегі орыс тілінің орны" деген тақырыпты талқыға салды.

Шараның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев өз сөзінде:

«Бізге мынаны түсіну керек. Орыс тілі КСРО кезінде тек орыс халқының ғана тілі болған жоқ, тұтас Кеңес халқының тілі болды.Сол кездегі КСРО заңына қарасаңыз да орыс тілі мемлекеттік тіл емес, ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде бекітілді. Белгілі бір дәрежеде теңдік болды» деді.

Ал  «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуованың айтуынша, 2008 жылмен қазіргі уақытты салыстырар болсақ үйінде екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде сөйлесетін адамдардың саны көбейген.  

Өз кезегінде журналист Дмитрий Шишкин: «Биылғы жылы қазақ мектебін 90 800 түлек тәмамдап шыққан. Ал орыс тілінде оқып, мектеп бітіргендердің саны 30 мың адам. Міне, бұлар ертеңгі күні орыс тілін қолданатын орта болады» деген ойын ортаға салды.

Ал «Алмагест» консалтингілік компаниясының бас директоры Айдархан Құсайыновтың айтуынша, Қазіргі таңда орыс тілі қалалы жерлерге шоғырланып жатыр. «Мұны да мойындау керек.  Тіпті Алматының сәл шет жағына шықсаңыз орыс тілінің аясы тарыла береді. Қазақ тілінің қолданыс аясы кеңіп келеді. Үкімет латын әліпбиіне бекер көшіп жатқан жоқ. Қоғамдық сананын байқап, бақылап отыр. Менің ойымша, белгілі бір уақыттан кейін Қазақстанда орыс тілінің аясы тарыла бастайды. Бұл табиғи құбылыс болмақ. Мәселе қазақ тілінде емес. Ағылшын тілінің қолданыс аясы, сұранысы өсіп жатыр.  Бірақ, бұл тілді білетіндердің пайызы қанша өзі? Нақты жеткілікті деңгейде меңгергендер бар ма?

Жалпы уақыт өте келе орыс тілі бірқатар салаларда қолданыстан қалуы мүмкін. Мәселе оның қолданысқа жарамауында емес, уақыт өте келе ол қажетсіз болып қалуы мүмкін» деді Құсайынов.

Рекомендовать
Последние новости