Қазақстанда нөмірді басқа операторға ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін

Қаракөз Амантай 20 февр. 2026 12:44

Қазақстанда абоненттік нөмірді бір ұялы байланыс операторынан екіншісіне ауыстыру тәртібі қайта қаралуы мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жобаға сәйкес, егер SIM-карта алғаш рет іске қосылғанына 60 күн толмаса, "донор" оператор нөмірді көшіруге рұқсат бермеуі мүмкін. Сонымен қатар операторлардың сұранысқа жауап беру мерзімін нақтылау ұсынылған. Ол 10 минуттан аспауға тиіс.

Министрлік бұл түзетулердің мақсаты қызметті теріс пайдаланудың алдын алу және нөмірді ауыстыру кезінде абонент үшін байланыстың үзілу уақытын барынша қысқарту екенін атап өтті.

Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 6 наурызға дейін жалғасады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove