Қазақстанда құқық қорғау органдары мен бірқатар мемлекеттік құрылымдардағы басшылық лауазымдарға ұсынылған үміткерлер міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуден өтетін болды. Үкіметтің тиісті қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл талап 2024 жылы 14 маусымнан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Енді аттестаттау немесе конкурс аясында жоғары лауазымға ұсынылған:
құқық қорғау органдарының;
азаматтық қорғаныс құрылымдарының;
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет өкілдері
арнайы аппарат арқылы физиологиялық реакцияларын тіркейтін құрылғылар көмегімен сұхбат форматындағы зерттеуден өтеді.
Полиграф тексерісі мына ақпараттарды негізге алады:
құқық қорғау органдарында қызмет етуге кереғар, жасырын теріс ниеттердің (экстремистік, террористік ұйымдар немесе қылмыстық топтармен байланыс) бар-жоғын;
есірткі, психотроптық заттарға немесе психикалық-физикалық тәуелділік тудыратын өзге де заттарға тәуелділігін;
қызметке кедергі келтіретін ауруларды, суицидке бейімділікті жасыру жағдайларын;
табыс, мүлік, мүліктік міндеттемелер туралы мәліметтерді жасыру, қос азаматтықты болу немесе жалған құжаттарды қолдану фактілерін;
құпия немесе қызметтік ақпаратты бөгде адамдарға беру жағдайларын;
бұған дейін сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған фактілерді;
тыйым салынған ұйымдармен, қылмыстық немесе террористік құрылымдармен байланыстарды, коммерциялық ұйымдарда қызмет ету тәжірибесін (егер бұл оның лауазымдық міндетіне кірмеген болса);
лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін.
Сонымен қатар тексеру кезінде қойылатын сұрақтар тізімі қызметкердің атқаратын міндетіне байланысты кеңейтілуі мүмкін.
Полиграф зерттеуінің қорытындысы үш жыл бойы жарамды болады.