Қазақстанда жігіттер әскерге 20 жастан бастап шақырылуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 12 сент. 2024 12:33 1668

Қазақстанда әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға өзгерту туралы петиция пайда болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Петиция epetition.kz сайтында пайда болды.

"Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін арттырып, жас азаматтардың мүддесін қорғап, Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Осы өтінішті қарап, міндетті әскери қызметке шақыру жасын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз", - делінген құжатта.

Құжат авторлары әскерге 20 жастан бастап шақырудың бірнеше себебін атаған: 

  1. Психологиялық және физикалық тұрғыда жетілу
  2. Білімін жалғастыру
  3. Дезертирлік (әскерден қашу) пен құқықбұзушылық деңгейін төмендету
  4. Әскери дайындық сапасын жақсарту
  5. Психологиялық зерттеулер бойынша, жасы есейген кезде әскерге баратын жастардың әскерден қашу деңгейі азаяды
  6. Өзге елдердегі практика, мысалы, Швеция, Германия, Швейцария мен Австрияда әскерге 19-20 жастан бастап шақырылады. 

10 қыркүйекте жарияланған петицияға әзірге 47 адам қол қойған. 


Рекомендовать
Последние новости