Қазақстанда газбен жүретін көліктер көбейген

Көркем Алдабергенова 17 июн. 2025 13:19

Қазақстанда газбен жүретін көліктердің саны бір жылда 36 пайызға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде айтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 маусымдағы жағдай бойынша елде 6,3 млн автокөлік тіркелген. Оның 86,5%-ы – жеңіл көліктер, 9,7%-ы – жүк көліктері, 1,9%-ы – автобустар, 1,9%-ы – мотоциклдер. Көліктердің 82%-ы бензинмен, 7%-ы аралас отынмен және дизельмен, ал 0,3%-ы сұйытылған газ бен электр қуатымен жүреді.

«Өткен жылдың мамырымен салыстырғанда бензинмен жүретін көліктер саны 15,3%-ға, дизельмен – 13,9%-ға, газбен – 36,2%-ға, аралас отынмен – 9,3%-ға өсті. Электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ға артты», – деп мәлімдеді бюро.

Тек 2025 жылдың мамыр айының өзінде ел бойынша 113 мыңға жуық жеңіл көлік, 8 мың жүк көлігі, 1400 автобус және 5700-ге жуық өзге де көлік тіркелген.


Рекомендовать
Последние новости