2025 жылдың 28 қазанында Ақордада өткен іс-шараның кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан уранын экспорттау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алмасадам Сәтқалиев бүгін финдік әріптестерімен қол қойылып жатқан құжаттардың мәнін түсіндірді.
— «Финляндияның атом электр станцияларына – сатып алушыларға қазақстандық уран жеткізу мүмкіндіктері талқылануда. Қазақстан әрдайым өз халықаралық нарықтарын кеңейтуге мүдделі, біз әрдайым серіктестерімізге қазақстандық уранды сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Біз бұл ұсынысты әріптестерімізге жеткіземіз», – деді ол.
Оның айтуынша, бұған дейін Финляндия билігі бұл мәселеге зор қызығушылық білдірген.
— «Бұл сапар – осындай тасымалдың көлемі мен мүмкіндіктері жөнінде нақты келіссөздер жүргізуге өте жақсы мүмкіндік», – деп түйіндеді Алмасадам Сәтқалиев.
