Қазақстан тағы үш олимпиадалық медальдан айырылды

Dalanews 15 нояб. 2016 16:40 905

Өз медальдерінен ауыр атлеттер Ирина Некрасова мен Мария Грабовецкая және грек-рим палуаны Әсет Мәмбетов (Бейжіңдегі 2008 жылғы ойындардың жүлдегерлері) медальдарынан айырылды.

Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне 2008 және 2012 жылдары өткен Ойындарда допинг қолданды деген екі жүлдегерді медальдарынан айыру туралы ескерту қағазын жіберді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіп жөніндегі комиссиясының шешіміне сай, “А” және “В” сынамаларының қосымша зерттеу нәтижесіне байланысты, 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 63 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған ауыр атлет Ирина Некрасованың күміс жүлдесі, 75 келі салмақта қола жүлде алған тағы бір ауыр атлетіміз — Мария Грабовецкаяның қола жүлдесі және грек-рим күресі бойынша Әсет Мәмбетовтің қола жүлдесі жойылып, медальдары кері қайтарылатын болды.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасында жетінші орын алған ауыр атлет Алмас Өтешовтің орнын жоққа шығарды. Сонымен қатар, Бейжің және Лондон Олимпиадасындағы спортшылардың қан зерттеуіндегі соңғы нәтижелерге сүйенген, ХОК 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен Владимир Седовтың — төртінші орнын, ауыр атлет Мая Манезаның  орындарын жоққа шығарды.

Рекомендовать
Последние новости