World Justice Project ұйымының 2025 жылғы Rule of Law Index рейтингісінде Қазақстан "Order and Security" (Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік) көрсеткіші бойынша 143 елдің ішінде 42-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш елдердегі қоғамдық қауіпсіздік деңгейін бағалайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Осылайша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылады. 2024 жылы еліміз бұл санатта 43-орында болған.
Аталған индекс қоғамдық тәртіптің сақталуы, қылмыс деңгейі, зорлық-зомбылық қаупі және адамдардың өзін қауіпсіз сезінуі сияқты факторларды қамтиды. Сарапшылардың бағалауынша, рейтингтегі өсім елдегі қоғамдық қауіпсіздік көрсеткіштерінің біршама жақсарғанын аңғартады.
