Қазақстан қазынасына олигархтардан қайтарылған ақшадан қанша түсті?

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2025 17:25

2025 жылы қайтарылған активтерді сату мемлекет қазынасына 200 млн теңгеге жуық кіріс әкелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақпарат мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда қайтарылған 32 актив аукцион арқылы сатылып, 198,5 млн теңге түскен. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы хабарлады.

Ең қымбат лот – Астанадағы бір ғимарат, ол 96 млн теңгеге сатылған. Сонымен қатар элиталық сағаттар (соның ішінде Patek Philippe – 36,2 млн теңге, Cartier – 17,7 млн теңге), зергерлік бұйымдар мен коллекциялық монеталар сатылды.

Барлық сауда E-Qazyna онлайн платформасы арқылы өткізілді. Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталады. Қазіргі таңда қорға 25,4 млрд теңге түскен, оның 24,6 млрд теңгесі – активтерді сатудан алынған.

Қазіргі таңда компания басқаруында 48,6 млрд теңгеге бағаланған активтер бар. Кезекті аукциондар 22–31 шілде аралығында өтеді.

Жақын арада 164 бірлік зергерлік бұйым мен Алматы қаласы, Көктем-2 шағын ауданы, 22-үй мекенжайындағы жылжымайтын мүлік сатылымға шығарылады. Сонымен қатар Алматы облысында орналасқан 15 жер учаскесі де аукционға қойылған.


Рекомендовать
Последние новости