Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарының Корея Республикасына көші-қонына бақылауды күшейтпек,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерімен кездесті.
"Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінде полиция атташесі тағайындалатыны туралы мәселелер талқыланды. Ол Қазақстан азаматтарының осы елде болуын, оның ішінде заңсыз көші-қонды және заңсыз еңбек қызметін қадағалайды", - деп жазылған хабарламада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселені тұрақты бақылауға алды. Анықталған барлық заңбұзушылық дер кезінде тіркеліп, әрі қарай қарастыру үшін Қазақстан Республикасының және Корея Республикасының уәкілетті органдарына жолданады.