Қазақстан өңірлерінде Home Credit Bank-тің жаңа филиалдары ашылуда: Тараз қаласында екі жаңа бөлімше ашылды

Сағыныш Сардарова 11 июн. 2024 09:00 3816

Home Credit Bank филиалдық желіні кеңейтіп, ел өңірлерінде жаңа бөлімшелерін ашуда: клиенттер үшін Тараз қаласында тағы екі жаңа филиал ашылды. Қала мен облыс тұрғындарына еуропалық қаржы институтының барлық қаржылық шешімдері мен қызметтері қолжетімді болды.

Home Credit Bank Қазақстанның барлық өңірлерінде филиалдық желіні кеңейтіп жатыр. 
Жамбыл облысында банк қызметтерін ұсынатын 13 бөлімше жұмыс істейді. Қазір олардың саны 15-ке жетті: Тараз және Жамбыл облысының тұрғындарына Home Credit Bank өнімдері мен қызметтері MART ең ірі сауда орталығында және «Телецентр» іскерлік нүктесінде қолжетімді. Сонымен қатар банктің барлық клиенттері мобильді қосымша арқылы барлық қызмет түрлерін және онлайн-банкингтің артықшылықтарын пайдалана алады.

«Қазіргі таңда Жамбыл облысының 60 000-нан астам тұрғыны қаржылық операцияларды жасау үшін біздің банктің өнімдерін пайдаланады. Ашылған екі жаңа бөлімшеде банк қызметтері және менеджерлердің жеке консультациялары қолжетімді. Біз аймақтағы ең ірі сауда орталығында бөлімше ашқан бірінші банк болдық. Клиент кез келген уақытта келіп, өзіне ыңғайлы мекенжайды таңдай алады. Барлық жаңа бөлімшелер Home Credit Bank-тің жетілдірілген инклюзия стандарттары бойынша құрылған. Қазақстандық нарықтағы үздік қаржы өнімдерін бағалау үшін клиенттерді біздің жайлы бөлімшелерімізге шақырамыз», - деп айтты Тараздағы Home Credit Bank филиалының директоры Қанат Токабаев.

Home Credit Bank бөлшек кредиттеу нарығында ғана емес, сонымен қатар күнделікті қаржылық операцияларды орындауда үздік банктердің бірі болып табылады. Банк тиімді кешбэк ұсынатын дебет карталарын, ыңғайлы кредит өнімдерін, тегін төлемдер мен аударымдарды, 18%-ға дейінгі депозиттерді ұсынады. Жаңа филиалдарда OZEN бөліп төлеу картасы қолжетімді. Оның көмегімен бүкіл әлем бойынша және онлайн түрде тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге сатып алуға болады (0-0-6). Home Credit Bank-те депозиттік сертификаттар мен банктің долларлық облигациялары, сондай-ақ әртүрлі жағдайларға арналған сақтандыру қызметтері бар.

Мұнда кәсіпкерлер ШОБ үшін цифрлық банк қызметін HCB Business қосымшасы арқылы ала алады. Оның көмегімен бизнестің онлайн бухгалтериясын жүргізуге болады. Клиенттерге ЖК және ЖШС үшін шоттар ашу, аударымдар мен төлемдер жасау, жалақы төлеу, сондай-ақ валюталық аударымдар мен операцияларды қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызмет бойынша операцияларды тікелей смартфонда немесе компьютерде жүзеге асыру қызметтері қолжетімді.

«Біздің банк үшін Тараз - сүйікті өңірлердің бірі. Мұнда біздің 60 мыңнан астам клиентіміз бен 750 серіктесіміз бар. Тараз қаласы мен Жамбыл облысы қарқынды түрде дамып жатыр. Біздің банктің бөлімшелері де осы өңірлерде өз жұмысын жалғастыруда. Біз өңірдің тұрғындары мен кәсіпкерлері қызметтерімізді онлайн және офлайн түрде пайдалану үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Сонымен қатар біз алдыңғы жылы ШОБ үшін онлайн-банкингті іске қостық, сондықтан бизнесті біздің банкпен жүргізу мүмкіндігі барлық клиенттерге қолжетімді.

Біздің «Көмектесуге қуаныштымыз» стратегиямыздың негізінде қарапайым формула жатыр: пайдалы, таптырмас және көмектесуге дайын болу, біздің еліміздің клиенттері мен қоғамдарының сұраныстарын білу.»,- деп айтты Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров Таразда жаңа бөлімшелердің ашылуында.

Суреттер: Дәурен Айтқазиев

Home Credit Bank Қазақстандағы активтер бойынша 13-ші орында. Банктің активтері 823 млрд теңгеден асады, капиталы 166 млрд теңгеге жетті. Банктің несие портфелі 675 млрд теңгеден асады. Қазақстандықтар банкке сенеді және банктің депозиттерінде 387 млрд теңгеден астам теңгені сақтайды (жеке тұлға және компаниялар). Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді.

Жаңа бөлімшелердің мекенжайлары мен жұмыс кестесі:

  • Телецентр: Телецентр 1а ауданы, 9:00-18:00
  • MART сауда орталығы: Төле би 27, 10:00-22:00

Рекомендовать
Последние новости