Қазақстан нарығын қытайлық компаниялар жаулап жатыр

Dalanews 18 сент. 2024 10:28 4987

Кейінгі кездері Қазақстан нарығын Қытай компаниялары жаулап жатыр. Бұған дейін бірінші қатарда табылып келген ресейлік бизнестен де асып түсетін түрі бар. 2024 жылғы 1 қыркүйек күнгі ресми деректерге қарасақ, елімізде 4674 қытайлық заңды түлға мен филиал тіркелген. Бір ғана тамыз айының өзінде 150 Қытай компаниясы жұмысын бастаған деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш

«Бірінші кредиттік бюро» сарапшыларының сөзіне сүйенсек, кейінгі бірнеше жылда иелері қытайлық заңды ұйымдар біртіндеп көбейіп келген. Бірақ биылғы тамыздағы көрсеткіш — рекорд. Бір айда 150 жаңа компания нарыққа кірген. Ал жалпы алғанда қазіргі таңда Қазақстан аумағында 4,6 мыңнан астам қытайлық заңды тұлға мен филиал жұмыс істеп тұр.

Бірақ тіркелгеннің бәрі бірдей «қырып» жұмыс істеп жатпаса керек. Себебі белсенділері — 3062 компания. Бұл дегеніміз жалпы үлестің үштен екісіне тең. Бірақ қалай десек те, Қазақстанда қытайлық компания қаптағаны көрер көзге көрініп тұр.

Басқа елдермен салыстырып көрелік

Қазақстанның басқа серіктес-елдерінің ішінде тамызда дәл мұндай көрсеткішке ие болған ел жоқ. Керісінше, ел аумағында жұмыс істеп жатқан компания саны 221-ге қысқарған. Соның ішінде ресейлік бизнес саны бір айда 138-ге азайыпты. Ал жаңадан тіркелген ресейлік компания саны тамызда 31 болған. Мұның алдындағы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл шама азырақ. Атап айтқанда, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Ресей компанияларының саны 2022 жылдың ақпанынан бері тұңғыш рет бұлай қысқарыпты.

Десе де, қазақстандық активтерді сатып алуда ресейліктердің белсенді екенін атап өту керек. Оны ресми статистикалардан-ақ байқауға болады. 


Рекомендовать
Последние новости