Сенат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Dala News.
Аталған құжат 2024 жылғы 22 тамызда Душанбеде екі ел президенттері деңгейінде қол қойылған болатын.
Келісімнің негізгі мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару.
Құжатқа сәйкес, тараптар:
•саяси және әскери салада;
•сауда-экономикалық бағытта;
•көлік және транзит жүйесінде;
•энергетика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте;
•білім беру және мәдени-гуманитарлық бағытта ынтымақтастықты кеңейтеді.
Сонымен қатар, Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді әрі өзара тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылған.
Сарапшылардың бағалауынша, бұл келісім Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қатынасты серіктестіктен одақтастық деңгейге көтереді.
