Қазақстан мен Қытай компаниялары теңге мен юаньға негізделген төлем жүйесін құрмақ ниетте

Кәмшат Тілеухан 27 сент. 2024 15:15 3327

Қытайда Global Digital Trade Expo аясында отандық компаниялар Қазақстанда цифрлық шешімдерді дамыту және стартаптарды басқа елдерге жылжыту мақсатында бірқатар меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірінші меморандум Қазақстан-Қытайдың бірлескен құрылыс және басқару саласындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық жобасы - "Көлжат ақылды портының" құрылысына қатысты, деп нақтылайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Сапар аясында Hangzhou Zhenxin Digital Technology Co., Ltd. мен Қазақстандағы еншілес компаниясының өкілі, Hangzhou Electric Power Construction Equity Investment Co., Ltd. және "Kazakhstan-China Project Cooperation Consulting limited" компаниялары мен ТОО "Aitu – Платежные решения" (BTS Digital компаниялар тобына кіреді) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қытай-Қазақстан төлемдерін дамыту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету интеграциясы юань - теңге негізінде төлем жүйесінің құрылуын жеделдетіп, юань-теңгедегі төлемдер мен клирингтік жүйелердің тұрақтылығын арттырады,сонымен қатар төлем саласындағы тәуекелдер мен жасырын қауіптерді жоюға көмектеседі. Юань-теңге шекаралық төлем жүйесін құру мен жылжытуға жәрдемдесу, әлемдік экономика мен саудаға ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді төлем қызметтерін ұсыну, сондай-ақ төлемдер, электрондық коммерция саласындағы жаһандық басқаруда маңызды және конструктивті рөл атқару, делінген Цифрлық даму министрлігінің 27 қыркүйекте таратқан хабарламасында.

Сонымен қатар, қазақстандық стартап GrowthVision Pro Ltd. Ханчжоудағы Орталық Азия инновациялық ынтымақтастық орталығымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Оның аясында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен стартаптарды дамыту үшін Қытайда халықаралық хаб құрылатын болады, бұл хаб оқыту ресурстары, салалық тәжірибе мен байланыстар желісі, инвестиция тарту, стартаптарды масштабтау және Қытай нарығына шығу бойынша қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар, қытай стартаптары Орталық Азия нарығына шығу үшін осындай қолдауды алады. Хаб жасанды интеллект, цифрлық экономика, жасыл технологиялар, агротехнологиялар және басқа да салаларға назар аударады.

Хаб стартаптарға Қытай нарығына бейімделуге, жергілікті серіктестер мен инвесторларды тартуға көмектесетін білім беру бағдарламаларын, семинарлар мен тренингтер өткізеді. Технологияларды беру, нормативтік-құқықтық сүйемелдеу және Қытай нарығына шығу мәселелеріне үлкен назар аударылады.

Қазіргі уақытта Growth Vision Pro және Taovation хабтың операциялық моделін бірлесіп әзірлеуде, оның орналасатын қаласын таңдап, технопарктер, университеттер, ірі бизнес иелері, акселераторлар және венчурлық қорлар сияқты негізгі мүдделі тараптармен серіктестік мүмкіндіктерін анықтап жатыр.

Ынтымақтастықтың мақсаты - Қазақстанға, Орталық Еуразия мен Қытайға назар аудара отырып стартаптарды ілгерілету және цифрлық трансформация саласында кәсіпкерлікті дамыту.

 


Рекомендовать
Последние новости