Танымал әнші Мұқасанның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сағыныш Сардарова 24 нояб. 2025 16:59

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі, танымал жұлдыз Мұқасан Шахзадаевтан оңбай таяқ жегенін айтты. Полиция бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалар тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінген.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - деп жазылған Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін істің мән-жайын жазған едік. Ғалымжан Сүлейменнің айтуынша, даудың бәрі топ орындаған әннен шыққан. Мәселені шешу үшін Ғалымжан есімді әнші Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда соққыға жығылған. Полиция Мұқасанды емес мені алып кетті дейді. Ал қазір "Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп "жуан жұдырықты" әншіні жауапқа тартқысы келеді. 


Рекомендовать
Последние новости