Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды

Dalanews 05 окт. 2022 07:04 958

Алматыда Red Jolbors XI Орталық Азия коммуникациялар фестивалі өтіп,  Қазақстан «Жыл мемлекеті» деп танылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан 450-ден астам адам қатысты. Red Jolbors аясында білім беру бағдарламасы ұйымдастырылып, үздік коммуникациялық және жарнама шешімдері байқауы өтеді.

Байқауға Орталық Азия мен Әзірбайжаннан 360-тан астам жұмыс ұсынылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды. Бұл атақ халықаралық қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған елге беріледі.

Әзірбайжанның Endorphin компаниясы «Жылдың ең үздік агенттігі» деп танылды. Қазақстан атынан қатысқандарға  50, Өзбекстанға 24, Әзірбайжанға 13 марапат табысталды.

– Red Jolbors-та біз әрқашан саланың ең қызықты және өзекті мәселелерін көтереміз. Жарнамалық агенттіктердің өкілдері және аймағымыздың маркетологтеріне тәжірибемізді айту үшін үздік сарапшыларды жинауға тырысамыз. Биылғы жылы конкурстың спикерлері мен қазылар алқасы жарнама және маркетинг саласындағы ең беделді марапаттардың иегерлері болды. Бүкіл құрамға 100-ге жуық Канн фестивалінің жүлдегерлері сондай-ақ, маркетинг саласындағы әлемдегі ең маңызды марапаттардың бірі – «Эффиліктер» кірді, – деді Red Jolbors негізін қалаушы Сабина Рейнгольд.


Дәрістердің, сондай-ақ, панельдік пікірталастардың спикерлері ірі жарнама агенттіктерінің, Еуропа, Оңтүстік Корея, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей компанияларының өкілдері болды. Олар өздерінің практикалық тәжірибелерін әңгімелеп берді және шығармашылық идеяларды әзірлеу, маркетинг құралдарының тиімділігі, брендтердің өсу мүмкіндіктері, серіктестік құру, цифрлық дизайннан кейінгі дизайн, маркетингтегі метаверстер, TikTok-қа миллиондаған аудиторияны тарту туралы айтты. Сондай-ақ Red Jolbors-тың 2022 жылғы негізгі тақырыптарының бірі өмір сүріп жатқан ортаны жақсы жаққа өзгертетін ESG жобаларын құру және дамыту болды.

Сонымен қатар іс-шарада 3 түрлі панельдік пікірталас ұйымдастырылды. Олардың бірі Орталық Азия елдерінде креативті экономиканы дамытуға арналды. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысты.

– Қазір Қазақстан мен оның мемлекеттік органдары бизнес және қоғаммен өзара іс-қимылға ашық. Маңызды қоғамдық мәселелерді шешу үшін біз шығармашылық салалардың, креативті индустрия өкілдерін тарта отырып, ортақ күш салуымыз керек. Осындай өзара бірлестікте ғана біздің одан әрі жалпы дамуымыз үшін үлкен мүмкіндіктер бар, – деп атап өтті А.Данилов.

Red Jolbors – шығармашылық, коммуникациялық және жарнама агенттіктерінің, өндіріс және дизайн студияларының өкілдері, маркетологтар, бренд менеджерлері, PR мамандары, жарнама және маркетинг саласының мамандары үшін жылдың ең ірі оқиғаларының бірі саналады. Red Jolbors миссиясы-шығармашылық индустрия өкілдерінің кәсіби қауымдастығын құру және дамыту. Фестиваль әу баста Қырғызстанда құрылды,- ал 2018 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда өтеді.

 

Рекомендовать
Последние новости