Қазақстан Даму Банкі ескі қарызын жабу үшін тағы қарызға ақша тартуда

Кәмшат Тілеухан 08 апр. 2025 10:27 435

Қазақстанның Даму Банкі жалпы көлемі 500 млн доллар болатын бес жылға арналған бағалы қағаздар шығарады. Банк бұрын мәлімдегендей, осы тәсілмен тартылған қаражат иелері үшін тиімдірек болып табылатын алдында шығарылған бағалы қағаздарды (buyback) кері сатып алып үшін қаржыландыруға бағытталады, деп хабарлайды Dalanews.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ҚДБ-ның жаңа облигациялары бойынша купонның жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5,625% құрайды, ол жарты жылда бір рет төленетін болады. Ол тек KASE-де ғана емес, Вена қор биржасында да қолжетімді. Шығарылған кездегі бағалы қағаздардың кірістілігі 5,7%-ды құрайды, өйткені облигациялар биржада номиналды құнының 0,322% дисконтымен сатылатын болады. Осылайша, ҚДБ 498 миллион доллар көлемінде қаржы тартуды жоспарлап отыр.

Жаңа облигацияның жиынтық сомасы ҚДБ-ның меншікті капиталының шамамен 27,3%-ын құрайды. Әрбір қағаздың номиналды құны - 1 мың доллар, ең төменгі лот – жалпы құны 200 мың доллар болатын 200 бағалы қағаз. Әлеуетті сатып алушы ұсыныс сомасын 1 мың доллардан ($201 мың, $202 мың және т.с.с.) бастап арттыра алады.

Бұған дейін ҚДБ сомасы 325,1 млн долларға дейінгі еурооблигацияларын қайта сатып алатынын мәлімдеген болатын. Осы мәмілені қаржыландыруға жұмсалатын қаржыны болашақ жаңа шығарылым арқылы тартылатыны да айтылған.

Бұл арада номиналды құны 1 доллар, купондық жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5,75% және өтеу кірістілігі 5,95% болатын 2022 жылы шығарылған бағалы қағаздар туралы сөз болып отыр. 2024 жылы ҚДБ бұл шығарылым бойынша екі рет сатып алу жүргізді. Сәуір айынан кейін 335,7 миллион доллардың, ал қазан айынан кейін 325,1 миллион доллардың бағалы қағазы айналымда жүр.

ҚДБ шикізаттық емес салалардағы жеке инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен айналысады. Оның жалғыз акционері - экономика министрлігіне қарасты "Бәйтерек" холдингі. ҚДБ-ның өзі, Forbes мәліметтері бойынша, Өнеркәсіпті дамыту қорына және голландиялық DBK Capital Structure Fund B. V-ге иелік етеді.


Рекомендовать
Последние новости