Қазақстан АЭС құрылысына ақшаны қайдан алады?

Көркем Алдабергенова 10 окт. 2024 12:41 3610

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстандағы АЭС құрылысын қаржыландыруға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеп. 

Оның айтуынша, құрылыс бөліп төлеуге де жүзеге асырылыуы мүмкін.

"Қазір кім, қандай елдер салатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Тиісінше, қалай қаржыландырылатыны туралы түсінік жоқ. Мен АЭС құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы - оны бөліп төлеу екенін білемін.

Оны салатын компания төлемді кейінге шегере алады. Тиісінше, қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір мұны нақты айта алмаймыз, өйткені тіпті кім салатыны туралы түсінік жоқ", - деді Қасенов Сенатта өткен брифингте.

Еске салайық, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салуға қатысты рефрендум өткен болатын. АЭС салуды дауыс бергендердің 71,12 пайызы қолдады. Референдумға дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысты.

Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отырды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 37 елден 200 шетелдік журналистерді аккредиттеді, олар да республикалық референдумды бақылап,ақпарат таратты.


Рекомендовать
Последние новости