Қазақша білетіндер қазақша сөйлесейікші - Мұхтар Тайжан

Dalanews 22 сент. 2016 11:23 867

Бүгін елордада экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оның жолын кесу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы барысында «Болатхан Тайжан» қорының президенті Мұхтар Тайжан әріптестерін қазақ тілінде сөйлеуге шақырды.

«Бүгін - 22 қыркүйек. Дәл осыдан 27 жыл бұрын «Тіл туралы» Заң қабылданды. Осында отырған бәріміз патриоттық жайында айтып жатырмыз. Ол дұрыс, құптаймыз. Бірақ, біз өзімізден бастап мемлекеттік тілге құрмет көрсетпесек, онда бізге қалай сенім артылмақ? Біз үлгі көрсетуге тиіс емеспіз бе, ағайын? Әрине, қазақ тілін білмейтіндерге еш айып жоқ. Орысша түсінеміз. Алайда, қазақша білетіндер қазақша сөйлесейікші. Елорданың, қазақ елінің астанасының төрінде отырмыз. Үлкен деңгейдегі жиын өтуде. Неге өзіміздің мемлекеттік тілімізде сөйлемейміз?», - деді ол дөңгелек үстелге қатысушыларға қарата.

Дереккөзі: inform.kz

Рекомендовать
Последние новости