Қайрат Нұртастың келіншегі енесінің қасиеттері жайында айтты

Dalanews 04 янв. 2018 04:10 795

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзира Айдарбековамен қарым-қатынасы жайлы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды. Оның айтуынша, қазір енесі анасындай болып кеткен.

– Менің енемнің, келін тәрбиелеуінде өзіндік стилі мен ұстанымы бар. Өзім ата-ене қолында 5-6 жыл тұрдым, пістім десем болады. Орамал тағып, сәлемімді салып, таңертең ерте тұрдым (есік алдын сыпырдым демеймін) бірақ ыстық нанымды күнде таңда пісіретінмін. Ұрпақ әкеліп, ана атандым. Жалпы қандай жағдай болмасын ата-енемнің айтқанын жерге тастамауға тырсатынмын, одан жаман болған емеспін қайта қателіктерімді түзедім. Ұзын сөздің қысқасы...
Ене институтын терлеп-тепшігіп, үздікке бітірдім.

Содан соң, бізді жеке отбасы болуымызға сенімді болғандықтан болар, ата-анамыз еншімізді бөліп берді. Оның өзі біз үшін үлкен жауапкершілікке айналды. Бірақ әлі күнге дейін, бір шаңырақтың астында тұратын сияқтымыз. Көбіне дастарxан басында бірігіп тұрамыз, – деп ағынан жарылды әншінің әйелі.



Айтуынша, Гүлзира Айдарбековаа оған қазіргі таңда енесі емес – анасындай болып кеткен. "Мен өзіме енемнің ерекше қасиеттерін (болашақ енеге) түртіп алдым: ең бастысы қатаңдықпен емес даналықпен тәрбиелеуі; кінәләйтін емес үйретуі; өзгенің көзінше бағалау; ұлын емес келінін қорғаштау; басқаның келінімен салыстырып, кемістпеуі; үйдегі әңгімені сыртқа шығармауы; әлі де үйреніп, түйетінім көп... Ене мен келін татулығына- әулеттік эстафетаны бір-біріне дұрыс ұсынуы, отбасы құндылығын сақтап қалуға көп септігін тигізеді деген ойдамын", – деп жазды ол.

Оның пікірінше,  қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес.

– Негізінде, тариxқа жүгінсек, қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес деп ойлаймын. Себебі, екі арадағы келіспеушілктер жайлы шешендік сөз кездеспейді. Қазіргі қоғамда енені сыйламау, мысқылдау идеясы (анекдоттар) – орыстың салтынан, европаның стильінен еніп жатыр. Меніңше сол елдердердің - безбүйрек, ұятсыз, арсыз псиxологиясы. Бұл біздің менталитетке мүлдем кірмейді және кіргізбеу керек! Себебі, парасатты, қаны қазақ ер азаматы анасына ең үлкен құрметтің көрсетілгенін қалайды.
Келіндердің енесіне жасаған әр-бір әрекеті – өзінің енелік өмірінің кірпіші.

Егер де, жақсы келінге қол жеткізгісі келген әйел өз енесіне қолынан келген құрметті аямау керектігін түсіну қажет. Әрбір келін енеге қарап ой түзеп, бойын түзейді деген пікіріме келісесіз бе? – деген ой айтты Жұлдыз Әбдукәрімова.

Рекомендовать
Последние новости