Қайрат Нұртас: «Кейде өзіме сан түрлі сұрақ қоямын»

Dalanews 31 янв. 2018 05:23 1591

Армансыз адам ормансыз құспен тең! Иә, сырт көзге мінсіз өмір сүретін эстрада жұлдыздарының да арманы көп. Тіпті, еліміздегі ең танымал хитмен Қайрат Нұртастың да Жаратқаннан сұрары бар, деп жазады Stan.kz.

Ең ізгі арманы жайлы Қайраттың өзі айтып берді.

– Біреулер мені армансыз адам деп ойлайтын шығар. Бұл дүние де пенденің арманы таусылған ба? Маңдайыма осындай бақты беріп қойған Аллама мың да бір шүкір. Кейде өзіме сан түрлі сұрақ қоятыным да рас… Таудың биік шыңына шыққаным, үлкен жетістікке жетіп, жұлдызымның жарқырағаны, ол – мына Сіздердің, Халықтың арқасы. Мұны ұмытуға xақым жоқ! Менің арманым – елім тыныш болып, әрбір қазақтың көз жасы тек қуаныштан болса екен! Аллам Сіздердің алдарыңызда абыройымнан айырмасын! – деп бөлісті Қайрат Instagram парақшасында.

Желі оқырмандары Қайраттың қарапайымдылығына тәнті болды.

Рекомендовать
Последние новости