Қай павильондарға келушілер саны көп?

Dalanews 05 авг. 2017 02:23 929

ЭКСПО көрмесін тамашалаушы туристер барлық павильондарды түгелдей аралап шыға алмайды. Ол үшін кемі екі-үш күн бойы аралау керек. Дегенмен, туристердің қызығушылығын тудырып, әсемдігі мен ұсынылатын мазмұны арқылы елге ұнаған павильондар жетерлік. Олардың алғашқы ондығының көшін «Нұр Әлем» бастап тұр.



Одан кейін, мұндай нысандар арасында коммерциялық павильондары, «Шелл» балалар зертханасы, Дю Солей циркі, С 3.5 тематикалық павильоны, Амфитеатр, С 2.4 тематикалық павильоны, шығармашылық энергия аймағы, корпоративтік павильоны, балалар саябағы секілді әсем нысандар жұртшылықты өзіне баурап үлгірген. «Нұр Әлем» – Қазақстан павильоны. Онда 8 қабат бойы ел тарихы, мәдениеті, жасыл энергияға ұсынған жобалар, ертегі әлеміне ұқсас айрықша безендірулер құп жарасқан. ЭКСПО көрмесіне келгендердің көбі «Нұр Әлемге» кіруді мақсат тұтатындықтан, мұнда кезек мол.

Келушілер саны жағынан қай елдің көрмелері көш бастап тұр? Әрине, бірінші орында «Нұр Әлем», демек, Қазақстан павильоны. Одан кейін Ресей, Қытай, Өзбекстан, Үндістан, Әзірбайжан, Африка плазасы, Мысыр, Түркия, Малайзия, Сауд Арабия королдігі болып жалғасып кете береді. Еуропа елдерінен Германия, Италия, Норвегия елдерінің павильондарына қызығушылардың да қарасы мол.

 

Рекомендовать
Последние новости