Қарлығаш D12: Қазақстан дрон державасына айналуды көздеп отыр

Қаракөз Амантай 09 июн. 2025 16:53

Қазақстан Ресей-Украина соғысының тәжірибесіне сүйеніп, өзін өте тиімді жағынан көрсеткен дрон типтерін саралау жұмысын бастап кетті. Тиімді, арзан және құрастыруы технологиялық жағынан оңай дрондарды жақын болашақта конвейерге қою көзделген, деп хабарлайды Dalanews.kz. DALA INSIDE дереккөзіне сілтеме жасап. 

"Паутина" операциясынан кейін дрондардың соғыс келбетін өзгерткеніне әскерилердің толық көзі жетті. Көлемі үлкен, бағасы удай қымбат стратегиялық бомбылаушы ұшақтарды құны 100 долларлық шағын дрондар қиратып жатқан картина үлкен держава мен шағын мемлекет арасындағы паритетке үлкен түзету енгізіп отыр. Аспанға бір мезетте миллион дрон жібере алатын шағын мемлекет кез-келген қарсыласқа қиындық туғызады. Біздікілер өз шансын енді түсінді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Енді Қазақстан танк, ауыр артиллерия мен снарядтарға ғана иек арта бермей, қаржыландырудың көлемді бөлігін дрондарды құрастыру мен сатып алуға бағыттайтын болады. Дереккөздің айтуынша, дрон құрастыратын өндіріс Қытайға жақын аумақта орналасуы тиіс. Бұл қосалқы бөлшектердің логистикасы мен қауіпсіздік жағынан өте дұрыс шешім.

"Бұған дейін Қорғаныс министрлігіндегі ресейшіл басшылық саналы түрде дрондардың соғыстағы маңызын төмендетіп келген еді. Осының кесірінен Қазақстан алтын уақытын жоғалтып алды. Мүмкін қарсыласқа қарсы тұру үшін біздің арсеналымызда алғашқы уақытта 200 мыңдай арзан дрон болуы тиіс. Конвейерлі зауыт ашылса, осы мәселені 1-2 жылда түзетуге болады. Болашақта кемінде 5 миллион дрон ұстап отырсақ, бізге агрессия жасар алдында кез-келген мемлекет ойланады немесе біздің осы дрондарымызды диверсия арқылы құртуға тырысады", - дейді, дереккөз.


Бұл ретте Қытаймен технологиялық кооперация аса қажет екені түсінікті. Сол себепті Қытаймен тығыз жұмыс істеген "Қазпошта" компаниясының басшысы Әсел Жанасова Ақордаға алдырылды. Қорғаныс министрі ауысты. Дереккөз енді талантты инженерлер, программистер, жасанды интеллект пен радиоэлектронды режим мамандары бір жерге шоғырландырыла бастайтынын айтады.

Қазақстандық әскери FPV дрондардың алғашқы типі "Қарлығаш" деп аталуы мүмкін. Ол толық автономды болады деп күтіуде. Яғни радиоэлектронды күрес қатты дамыған заманда ешқандай байланысқа иек артпай, борттағы жасанды интеллект көмегімен өз бетінше шешім қабылдап, жаудың әскери техникасы, нысандары мен солдаттарын жоя алатын қабілетке ие болуы тиіс.


Рекомендовать
Последние новости