Қарашөкеев Сметовтің ауылына тез арада асфальт төселуіне пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 02 сент. 2024 10:07 1319

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің үйінің алдына асфальттың жедел төселуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеп. 

Қарашөкеевтің сөзінше, Сметовтің ауылында асфальт төсеу былтыр қазан айында жоспарланған көрінеді. 

"Қазір бәріңізге белгілі мемлекеттік сатып алу процесі оңай емес. Сондықтан ол жақта сот процестері жүріп жатқан. Жол жасауды ұтып алған мердігерлер екінші тұрған мердігермен соттасты. Сондықтан асфальт төсеу мәселесі кеш қалды. Негізі шілде айында жол жасап бітуі керек еді", - дейді әкім кулуарда. 

Еске салайық, биыл Елдос Сметов әлем чемпионы атанғаннан кейін үйіне баратын жолға асфальт төселген болатын. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. 

Сметов - 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Каменка ауылында туған.  


Рекомендовать
Последние новости