Қарапайым суретші жеке қаржатына балаларға арнап «Сурет салу» үйірмесін ашты

Dalanews 24 мая 2021 14:34 1423

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының тұрғыны Кенже Көреғұлов өз қаражаты есебінен балаларға арнап «Сурет салу» үйірмесін ашты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кенже Көреғұлов Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

– Қазіргі уақытта үйірмені ашқаныма 3 айдың шамасы болды. 7-11 жас аралығындағы 12 балаға бейнелеу өнерін үйретудемін. Қысқа уақыт ішінде шәкірттерім қарындаш, акварель, гуашь, майлы бояумен сурет салуға көшті. Негізі жасқа байланысты шектеу жоқ, ниеттенген адамдарға үйрете беремін, – деді ол.


Кенже Көреғұлов 250-ге жуық картинаның авторы. Бүгінге дейін аудандық мәдениет үйінде және Ақтау қаласындағы Әлем галереясында жеке көрме ұйымдастырған.

«Болашақта сурет үйірмесімен тоқталып қалмай, ағаш бұйымдарын жасау, құмыра жасау (Гончарь) үйірмесін ашқым келеді» деді Кенже Көреғұлов.

Рекомендовать
Последние новости