Қарағанды облысында кенші үстіне металл конструкция құлап, мерт болды

Көркем Алдабергенова 12 мар. 2024 10:50 2392

Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында кенші басына металл конструкция құлап мерт болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Дереккөз мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі уақытта, сағат 01.20 шамасында болған", - делінген "Вечерняя Караганда" жазбасында. 

Басылым мәліметінше, болт сынып, 44 жастағы кеншінің үстіне металл конструкция құлаған.

"Ер адам алған жарақаттары салдарынан мерт болды", - делінген жазбада. 

 


Рекомендовать
Последние новости