Қарағанды мен Теміртау тұрғындары алғаш рет табиғи газға қосылды

Dalanews 30 нояб. 2021 13:42 1063

Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор  «ҚазТрансГаз» АҚ  Қарағанды қаласындағы алғашқы тұтынушыларына газ қосты. Алғашқы газ Төлепов және Челябинская көшелері тұрғындарының үйлеріне беріле бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев үйлерге алғаш рет газ беру – өңір үшін өте маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Бүгінгі айтулы шара тұңғыш президент күніне орайластырылып оты. Биыл тек жеке сектор газға қосылып жатыр. Келесі жылы өзге кәсіпорындармен қатар  Арселор Митал қосылады. Осының арқасында 2025 дейін ауаға зиянды қалдықтардың таралуы 30% азаяды. Сарыарқа» магистралды газ құбыры қысқа мерзімде салынып, пайдалануға берілді. Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба, біріншіден, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, екіншіден, ол экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Газдың келуімен тұрғын үй құрылысы жаңа серпінге ие болады, маңызды инфрақұрылымдық жобалар, жол құрылысы қаржыландырылады, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қолдау алады деп үміттенемін, – деді әкім.

Қалаішілік газ тарату желілерін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет есебінен салған.  Бүгінгі таңда Қарағанды қаласы бойынша 64 км астам газ құбыры салынып, биылға белгіленген жоспар 100% орындалған.

– Газдандыру – елдімекендердің дамуына әрдайым оң әсер етеді, өндірістік және әлеуметтік саланың одан әрі өсуі үшін алғышарт жасайды. Газ – бүгінгі таңда ең ыңғайлы отын түрлерінің бірі, бірақ қауіпсіздік туралы бір сәтке де ұмытуға болмайды. Тұрмыста газды пайдаланудың барлық ережелерін сақтау қажет, сонда сіздің үйіңіз әрдайым жылы әрі жайлы болады, – деді Талғат Қызылбаев.

Айта кетейік, облыс бойынша жоспарланған 1530 шақырым газ құбырының 129 шақырымы салынды. Қарағандының өзінде 1505 жеке тұрғын үй мен облыс бойынша 2472 үйді табиғи газға көшіру жоспарлануда.т Осы жылдың соңына дейін облыста газ тұтыну 80 мың текше метр деңгейінде жоспарланып отыр, оның ішінде Қарағанды бойынша – 40 мың, Теміртау мен Жезқазған бойынша – 20 мың текше метр.



Рекомендовать
Последние новости