"Қара тізімде". Эйр Астана Оғыз Доғанды ұшағына отырғызбай қойды

Dalanews 09 окт. 2019 12:32 912

"Дұрыс-бұрысын заңгерлер айтар. Бірақ, жеке компанияның "қара тізім" жасауға құқығы бар ма", деген сауал тастады желіде блогер және журналист Ербол Азанбек.

Оның хабарлауынша, дәл қазір атышулы Оғыз Доғанды Fly Arystan ұшағына отырғызбай жатыр екен.
– Оғыз Доғанды Fly Arystan ұшаққа отырғызбай жатыр. Себебі - ол Эйр Астананың "қара тізімінде" екен. Ол бойынша сот өтіп, "Эйр Астана" жеңілмеді ме? "Қара тізім" жасап, соның негізінде адамды ұшаққа жібермеуі қаншалықты заңды? Билетті сатқан кезде неге ескертпейді немесе бас тартпайды? Онлайн алған күннің өзінде клиент туралы мәлімет көрініп тұрмайды? Енді ұшу алдында "қара тізімдесің" деп адамды әуреге салу қаншалықты заңға сияды, – деген көп сауал жазды ол.

Ал оғыз Доғанның өзі "Air Astana!!! Енді 1 теңгемен құтыла алмайсың!", – деп жазған екен.

"Мені ұшаққа отырғызбай, шағымың болса осыған хабарлас деп мазақ қылып, қолыма ұстатып берген визиткалары осы.  Мынаның өзі ресей тілінде! Қоңырау соғып, хат жазып наразылық білдірейік, бауырлар!", – дейді тіл жанашыры.


Рекомендовать
Последние новости