Қар құрсауында қалған ауыл қар ерітіп ішіп, шаңғымен қатынауда

Dalanews 13 янв. 2023 05:23 967

Абай облысындағы тұтас ауыл қар құрсауында қалды. Поллог елдімекенінде көлік қатынасы тоқтап, тұрғындар шаңғымен жүруге мәжбүрү Қардан тазаланған көшенің бірінде көлік тұрмақ, адам да жүре алмайды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Аулдың шеткі көшесінің тұрғындарына үйден шығу мұң. Қарлы бораннан кейін көлік қозғалысы толық тоқтаған. Жұрт дүкенге шаңғымен барып жүр.

Ауызсудан тарыққандар қар ерітіп ішіп отыр екен.

Ал тоғыз күн бойы қар құрсауында қалған ауылдың жолын ашуға әкім-қаралар үш күн бұрын ғана кіріскен. Оның өзінде ауа райының қолайсыздығынан техника бұзылып қалыпты.


– 10 қаңтар күні екі техника Поллог ауылын қардан аршуға кірісті. Алайда шеткі көшенің жолын күреуге мүмкіндік болмады. Аяздан техника бұзылды. Қазір қардан аршып жатырмыз, – дейді Жерновка ауыл округінің әкімі Елена Деревянко.

Ұлан Нұрахмет

Рекомендовать
Последние новости