Қар, көктайғақ: 20 қарашада ауа райы қандай болады?

Сағыныш Сардарова 20 нояб. 2025 07:00

20, 21, 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран соғып, көктайғақ болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ, 22 қарашада батысы мен солтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Ауа температурасы да өзгермейді.


Рекомендовать
Последние новости