Қазақстанда қаңғыбас жануарларға қатысты заң жобасы әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды Dala News.
Құжат Сенатта қаралып жатыр және қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр.
Заң жобасында:
•қаңғыбас жануарларды аулау;
•уақытша ұстау пункттеріне орналастыру;
•оларды қайта көшеге жіберуді шектеу;
•санын эвтаназия арқылы реттеу ұсынылған.
Яғни, бұрынғы «ұстау – зарарсыздандыру – қайта жіберу» моделінен бас тарту қарастырылуда.
Сонымен қатар:
•вакцинацияны мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту;
•ит иелеріне салық енгізу сияқты ұсыныстар да талқылануда.
Айта кетейік, заң жобасы Мәжілісте мақұлданған, алайда Сенатта соңғы шешім әлі қабылданбаған.
