Қала күні аясында «Тәуелсіздік ұшқыны» стеласы ашылды

Dalanews 25 окт. 2018 11:49 1146

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласы күніне орай «Тәуелсіздік ұшқыны» стеласы ашылды.

«Тәуелсіздік ұшқыны» алауының ені 4*4 метрді, биіктігі 4*6 метрді құрайды. Ондағы алау оты жалындаған жастардың тәуелсіздікке деген ұмтылысын, ерік-жігерін білдіреді.

Аллеяны ашуға Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Санат Қонарбаев шақырылды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ескерткіштен бөлек бүгін қала көлемінде Жамбыл ақынның ескерткіші, облыс әкімдігінің ғимараты маңында және орталық «Достық» алаңында түрлі-түсті сазды әуен ырғағымен ойнайтын төрт субұрқақ, «Темір жол вокзалы аллеясы», Қайрат Рысқұлбеков саябағы мен батырдың ескерткіші пайдалануға берілді.

Жеңіс саябағында орналасқан «Тыл еңбеккерлеріне», «Ауған соғысының ардагерлеріне», «Чернобль апатына қатысушыларға» арналған ескерткіштер ашылады.

Сондай-ақ бүгін қаламызда «Желтоқсан толқыны» атауымен еліміздегі ең ұзын әрі мағынасы зор субұрқақ, Желтоқсан оқиғасына  қатысушыларға арналған, «Ғибрат»  орталығы ашылмақ.

Сонымен қатар, тараздықтар «Үшбұлақ»  жағалауындағы демалыс аумағының ашылуын тамашалайды.

 

08 ИНФО

Рекомендовать
Последние новости