Қабатов бастаған комиктер Нұр-Сұлтанның қарын тазалады

Dalanews 23 янв. 2020 04:02 885

Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз» челленджі бастау алды Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады. Олар тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Волонтерлер аталмыш челленджді бастау идеясын қалың қардың түсуі мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетумен байланыстырады.

Бүгінгі күннің өзінде елорда еріктілерін белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдады.

– Біздің қаламыз, еліміз – ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз, – деді Тұрсынбек Қабатов.


Сонымен қатар, ол эстафетаны «Формат» тобына, «А.И.» музыкалық-театр орталығы мен «Астана» футбол клубына табыс етті.

Бұл орайда қар тазалау бойынша акцияны волонтерлер үнемі өткізіп тұратындығын айта кеткен жөн. Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл «Волонтерлер жылы» болып жарияланған болатын.

 

Рекомендовать
Последние новости