Қ. Тоқаев: «Біздің болашағымыз көптарапты интеграцияда»

Dalanews 17 нояб. 2017 04:27 807

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана клубының» Үлкен Еуразияның саяси, экономикалық және мәдени трансформациялану мәселелеріне арналған отырысына қатысып, жаһандық маңызы бар мәселелер жөнінде өз ойын білдірді.
Қ.Тоқаев 13 қарашада «ЕО – Үлкен  Еуразия: ынтымақтастық пен даму векторлары» сессиясы аясында сөз сөйледі. Бұл жиынға Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гюль, Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаус және Словенияның бұрынғы президенті Данило Тюрк қатысты.
Еуразиядағы интеграциялық үдерістердің дамуында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы өзіндік маңызын арттырып отыр. Қ.Тоқаев егер бұл жобаға Қазақстан қатыспаса, бұл ұзақ мерзімді, жақсы үйлестірілген стратегияның нәтижелі жүзеге асуы неғайбыл. Қытай жоспарларының жүзеге асуы Еуразияда ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі саяси күштер мен экономикалық факторлардың арақатынасын елеулі түрде өзгертуі мүмкін.
Сенат басшысы Еуразия Экономикалық Одағын құрлықтағы интеграциялық үдерістерге толықтай тарту қажеттігін, оған саяси себептер, атап айтқанда санкциялық қарсылықтар кедергі болып отырғанын айтты. Қазақстан АҚШ, Еуроодақ және Ресей ұстанымдарын жақындатуға ықпал ете алады: «Әрине, бұл қиын міндет. Біз оны оңайлатпаймыз. Ол мақсатқа қол жеткізу үшін көптеген уақыт кетеді, бірақ, ол мәселелер шешілмейінше, ең болмаса, әлемнің осы бөлігінде еркін сауда туралы айту оңай болмайды».
14 қарашада пікірсайыс «Еуразиядағы Геоэкономика: ұсақталған мозаика немесе жобалардың ортақтығы» сессиясы аясында жалғасын тапты. Қазақстан Парламенті жоғарғы  Палатасының төрағасы өз сөзінде көптарапты, оның ішінде әскери-саяси сипаттағы алуан бірлестіктердің өзара іс-қимылына жан-жақты тоқталды.
Ол Қазақстан және Орталық Азиядағы басқа елдер бір кездерде Құрама Штаттар қарулы күштерінің Ауғанстанға бағыт алғанын қолдағанын еске салды. Сенат Төрағасы бұл шешім сол аймақтағы Талибан экспансиясының жолын кесуде оң рөл атқарғанын баса айтты.
Бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы Азия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Бұл альянс трансформацияланып, іс жүзіндегі ядролық мемлекеттер Үндістан мен Пәкістанның қосылуы есебінен ұлғайып отыр. Қ.Тоқаев алуан түрлі күн тәртібі бар ШЫҰ діни экстремизм, халықаралық терроризм және сепаратизмге қарсы бірлескен күресте әмбебап ұйым ретінде зор әлеуетке ие екені туралы өз ойын жеткізіп, бұл ұйымның алдағы жұмыстарын одан ары жетілдіру, замана бедеріндегі кез келген сын-қатерге төтеп берудің жолын қарастыру қажеттігін жеткізді.
«Біз ҚХР-дың экономикалық тұрғыда қатысуынан қауіптенбеуіміз керек, өйткені,  ол Орталық Азия мемлекеттерінің мүдделерінежауап беріп отыр», - деді Қытай тарапынан секем алатын идеялар мен ойлардың барлығын жоққа шығармаған Қ. Тоқаев. Төрағаның пікірінше, Еуразияда Ресей де зор рөл атқаратын болады, бұл ауқымды мемлекетті ешқашан төмендетуге болмайды әрі ол мүмкін де емес. Қазақстан туралы айтқанда, біздің еліміз өзінің Ресей алдындағы одақтастық міндеттемелерінен еш айнымайды және барлық саладағы өзара іс-қимылды жалғастыра беруге ниетті.

Рекомендовать
Последние новости