Путин қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр - Әлнұр Мұсаев

Көркем Алдабергенова 10 мая 2024 12:27 9481

Генерал-майор, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Әлнұр Мұсаев қандай жағдайда Путиннің көзі жойылатынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлнұр Мұсаевтың сөзінше, Путин ядролық қаруды басқа елге қарсы қолданбақ болса, оның (Путиннің) көзін құрту жоспары дайын тұр.

"Ол әлі әзірленіп жатқан жоспар емес. Егер ядролық қаруды қолдану қаупі бола қалса іске асатын ең жоғары деңгейде бекітіліп қойған жоспар бар. Арнайы қызметтер ядролық қару қашан қолданылатынын біледі, бірақ ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі әлі төмен деңгейде. Алайда жоспар дайын. Ең бірінші кезекте Путиннің көзі жойылады", - дейді Мұсаев Дмитрий Гордонның YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Әлнұр Мұсаев Путинді ақша үшін ғана емес, жеке мақсаты үшін өлтіргісі келетіндер барын айтады.

"Бірақ мұны жалғыз адам ұйымдастыра алмайды. Жалғыз адам Путинді қандай да бір іс-шарада ғана қастандық жасап өлтіре алатын шығар. Бірақ Путиннің қауіпсіздік шарасы мықты болғандықтан оны өлтіру оңайға соқпас", - дейді Мұсаев.

Айта кетейік, Путин жеке оққағарларын өзі таңдайды деген әңгімелер тараған болатын. Ол жеке күзетшілеріне арнайы талап та қояды: оларға смартфон ұстауға болмайды, бір-бірімен сөйлесуге болмайды, паспорттарын өткізіп қояды, ал резиденцияға кірер алдында олардың денесін рентгеннен сканерлейді.

"Путиннің ешкімге сенбейтіні бәріне белгілі. Егер баяғыдан саясатта жүрген адам болсаң, арнайы қызметтер қандай әдістер қолданатынын білсең, ең бірінші ой – ешкімге сенбеу. Сондықтан Путин осындай қауіпсіздік шараларын жасайды.

Одан бөлек, Путинде психикалық ауытқу – шизофрения бар. Көптеген адам шизофренияға шалдыққан адам біртүрлі нәрселер жасайды деп ойлайды. Бірақ шизофреник – өте қу болады және бір мақсат қойса, соған жету үшін қиын, зұлым схемалармен жұмыс істейді. Сондықтан Путин есі дұрыс адам сияқты көрінеді. Бірақ мен көп шизофреникпен сөйлескен адаммын. Сондықтан Путинде шизофренияның ауыр түрі бар", - дейді Әлнұр Мұсаев.


Рекомендовать
Последние новости