Путин: "Жапаров? Қырғыздарға жаным ашиды"

Dalanews 23 окт. 2020 12:51 869



Ресей Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға аянышпен қарап алаңдайды, бірақ процеске араласпайды. 22 қазанда "Валдай" клубының кезекті отырысы кезінде Ресей президенті Владимир Путин осылай деп мәлімдеді.





"Ол жақты қырсық шалды, сайлау да, төңкеріс те - қырғыз халқына жабысқан бәле" деді Путин. Оның сөзінен ТАСС агенттігі үзінді келтіреді.

Путиннің пікірінше, сырттан жасалған кез келген абайсыз қимыл "жас" мемлекеттердің "жаңадан қалыптасып келе жатқан нәзік егемендік институты мен мемлекеттігіне" нұқсан келтіреді.

"Адамдардың өздеріне қоғам ішінен осы қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік беру керек" дейді.


"Әрине, ол жақта болып жатқан оқиғаларға аяныш білдірмей, алаңдамай қарау мүмкін емес. Бірақ біз араласпаймыз. Біз жекелеген саяси күштерді қолдамаймыз, ақыл-кеңесімізді тықпалап, араласпаймыз. Қырғызстанда жағдай қалыпқа келеді, мемлекет аяғынан тік тұрып, дүрілдеп дамиды, ара қатынасымыз жақсы күйде қалады деп үміттенеміз" деді ол.

Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауынан кейін саяси дағдарыс орнаған. Парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен наразылықтың соңы тәртіпсіздікке ұласты. 6 қазанға қараған түні демонстранттар парламент пен президент аппарат орналасқан "Ақ үйді" басып алды. Бұдан кейін Бішкекте түрлі саяси топтар арасында билікке талас күшейді. Ақыры орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының нәтижесін жойды, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті, ал демонстранттар талабымен түрмеден шыққан Садыр Жапаров үкімет жетекшісі болып сайланды. Оған президент міндетін атқару да жүктелді.

Қырғызстан билігі елде жағдай толық тұрақтанғанын айтады.



Рекомендовать
Последние новости