Dala Inside арнасы АҚШ пен Батыстың брендтік өнімдері мен технологиясын еркін тұтынатын, Голливуд киноларын тамсанып көретін және "американосыз" таңы атпайтын орыстілді қауым Ресейдің "арнайы операциясы" фарс екенін түсінді.
Тоқ етерін айтқанда, Қазақстанда тұратын орыстар Путинге қатысты иллюзия мен имперлік пиғылдан арыла бастайды. Осы күнге дейін Кремль көсеміне табынып келгендер бүгіннен бастап тәубесіне түседі...
Қазақстандағы сепаратизмді қолдайтындардың қатары селдіреп, тыныштықты пен тұрақтылықты қолдайтындардың ауқымы артады. Қазақ тіліне деген қарсылық төмендейді.
Иә, Приғожин аттың басын кері бұрды. Келіссөзге дәнекер болған Лукашенко Ресейдегі азаматтық соғыстың алдын алды. Бұл уақытша кідіріс. Мұны антракт деп бағалауға болады.
Приғожиннің баскесерлері қолбасшыларының кері шегінгенін қабылдай қоюы екіталай. Путин де бір кезгі "аспазының" өзіне қарсы шапқанын кеше қоюы неғайбыл. Ресейдің болашағы бұлыңғыр. Кремль көсемінің креслосы мен репутациясы шайқалып тұр.
Ал Қазақстандағы орыстар "орыс әлемінің" қамытынан құтылды деуге негіз бар. Мұның белгілерін алдағы уақытта байқай бастаймыз. Бұл процеске Путиннің өзі жол ашып берді.