Прокуратура «Хутор» бандасына қатысты үкімнің заңдылығын тексеріп жатыр

Көркем Алдабергенова 23 июл. 2025 11:58

Алматы облысында атышулы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс қаралуда, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Алматы облысының прокуратурасы «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Күдіктілер қатарында топ жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев бар. Оның есімі бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен аталған.

Қазіргі таңда прокурорлар аталған іске байланысты шығарылған үкімнің заңдылығын зерделеуге кіріскен.

"2025 жылдың 21 шілдесінде айыптау қорытындысы тіркелген қылмыстық іс облыс прокуратурасына түсті. Процессуалдық шешімнің заңға сәйкестігін тексеру жүргізілуде. Қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабына сәйкес тиісті шешім қабылданады", – деп хабарлады прокуратура.

Ведомство өкілдері бұл іспен байланысты өзге ақпараттар ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу құпиялылығына байланысты жария етілмейтінін атап өтті.

2023 жылы 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі қазақстандықтарды дүрліктірген болатын. Бірнеше айдан кейін оның туысы – медицина саласының қызметкері Нұрқанат күдікті жағдайда көз жұмды. Бұл оқиғадан кейін олардың үйінен өрт шыққаны хабарланды. Қайғылы жағдайлар үшін жауапкершілік «Хуторские» тобының мүшелеріне жүктеліп отыр. Тергеу барысында топ басшысы ретінде Хасан Қасымбаевтың есімі аталған.


Рекомендовать
Последние новости