Президентпен кездесуде айтылған бастама жүзеге асатын болды

Dalanews 10 авг. 2023 05:47 900

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтқанда, оған Президент қолдау білдірген болатын. Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің орынбасары һәм хатшысы Руслан Желдібай маңызды бастаманы кәсіпкерлер де қолдағанын өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды.

Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды, – деді Руслан Желдібай.

Рекомендовать
Последние новости