Президент сынамаса шенеуніктер жұмыс істемейді ме?

Dalanews 15 июл. 2025 15:59

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризм саласына айтқан қатаң сыны шенеуніктерді аяқ астынан дүр еткізді. Бұған дейін де берілген тапсырмаларды назардан тыс қалдырып келген мемлекеттік аппарат енді жаппай отандық туризмдегі кемшіліктерді түзетуге кірісе қалыпты". Саясаттанушы Данияр Әшімбаев осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Президенттің тапсырмасын орындауға тым қатты екпін берілгендіктен, басқа жұмыстар екінші жоспарға ысырылды. Бұрын берілген өзге тапсырмалар да ұмытылды. Қазір бәрі демалыс орындарындағы былықты реттеуге "ерлікпен" кірісіп кеткендей әсер қалдырады. Ал осы салаға нақты жауапты вице-премьер, министр, орынбасар, комитет төрағасы, әкімдер мен басқарма басшылары бар емес пе? Олар бұл жұмыстармен бұрыннан-ақ айналысуға міндетті емес пе? Нәтижесінде, тағы да мемлекеттік аппараттың жүйелі жұмысының жоқтығы білініп қалуда", – дейді саясаттанушы.

Айта кетсек, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі туризмнің жағдайын сынға алған болатын. Әсіресе, Алакөл жағалауындағы туристік инфрақұрылымдардың нашарлығын, сервистің төмендігін және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілмегені сөзге қалды. Өз кезегінде премьер-министр Олжас Бектенов бұл кемшіліктердің Үкіметтің жұмысының олқылығы екенін мойындаған еді.


Рекомендовать
Последние новости