Президент мақаласына орай: Түркістан өңірінде қандай жобалар жүзеге асты?

Dalanews 22 нояб. 2018 07:09 802

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялық қызметінде баспасөз мәслихаты өтті.

 Брифингке қатысқан «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев Президент мақаласындағы қойылған мақсаттар төңірегінде Түркістан облысында жүзеге асқан жобаларға тоқталды.

«Өткен жылы өңірде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая түсіріліп,  көрермен қауымға ұсынылды. Бұдан өзге, «Киелі Қазығұрт»,  «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан», «Бәйдібек би» атты анимациялық фильмдері республикалық және жергілікті телеарналарда көрсетілді. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» атты деректі фильм таспаланып, көпшіліктің назарына ұсынылды», - деді Нұриддин Пәттеев.



Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.  Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару қажет. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар» деп атап көрсеткен.

Ағымдағы жылы да облыс басшысының  қолдауымен өңірде «Ордабасы – бірлік туы» атты анимациялық фильмнің түсірілімі аяқталып, тұсаукесері жоспарлануда. Сонымен қатар, «Түркістан», «Оқсыз» анимациялық фильмдері мен «Төле би» телесериалының түсірілім жұмыстары жалғасып келеді.

Рекомендовать
Последние новости