Президент Жолдауын іске асыру: Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілді

Жарбол Кентұлы 27 авг. 2024 09:50 903

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Үкімет Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан мен Грузия арасындағы 2027 жылға дейінгі кедергілерді жою және Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл дәліздің өткізу мүмкіндігін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Шығыстан Батысқа транзиттік жүктердің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы қарашада Қытаймен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, соның ішінде Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік пойыздар бойынша бірқатар келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер 2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды.

Бағыттың тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның бүкіл бойында бірыңғай мультимодальды сервис құрылды.    
                                                                                               
Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның теміржол әкімшіліктері арасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының базасында біріккен көлік-логистикалық компаниямен ұқсастық бойынша  бағытты жүйелі пайдалану үшін Middle Corridor Multimodal Ltd бірлескен кәсіпорны құрылды. Бұл процесте көлік операцияларын цифрландыру әрі оңтайландыру, соның ішінде шекарадан өту және терминалдық процедуралар маңызды рөл атқарады.

«Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша логистикалық сервисті жақсарту «Global DTC Kazakhstan Ltd» (PSA мүшесі) әзірлеген DTC (Digital Trade Corridor)Tez customs платформасының Кедендік модулімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ IT-жүйелерін техникалық интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді. 2023 жылғы 5 желтоқсанда ҚТЖ мен Global DTC Kazakhstan Ltd арасындағы DTC платформасын енгізу бойынша өзара іс-қимылдың Жол картасы бекітілді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжан темір жолдарының ақпараттық жүйелері платформаға біріктірілген, сонымен қатар Грузия теміржолдарымен осындай жұмыстар пысықталуда.

2023 жылы «Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co.Ltd»  компаниясы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның («Кедентранссервис» АҚ өкілі) қатысуымен құрылған «Қытай-Қазақстан сауда-логистика компаниясы»  ЖШС бірлескен кәсіпорны аясында Сиань қаласының құрғақ портында терминал салынды. 2024 жылғы 28 ақпанда ашылған терминал Қазақстан бағытында жүретін барлық контейнерлік пойыздардың 40%-ын біріктіреді, бұл ТХКБ бойынша транзиттік тасымалдардың айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Жыл басынан бері Қытайдан ТХКБ транзиті екі есеге жуық өсім көрсетті. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша ТХКБ бағыты бойынша тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 65%-ға артып, 2,76 млн тоннаны құрады (2022 жылы-1,7 млн тонна). 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда (1,57 мың тонна) 63%-ға артып, 2,56 млн тоннаны құрады.

Бұл жетістіктер серіктестермен бірлесіп жұмыс істеудің тиімділігін көрсетеді және Орта дәлізді дамытудың маңызын растайды. Оның тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бағыт ретінде қалыптасуына дәліз бойындағы елдер ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия, Парсы шығанағы және Еуропа аймақтары да қызығушылық танытады.



Рекомендовать
Последние новости