Президент Алматы облысы экономикасының маңызды салаларын атап көрсетті

Dalanews 20 сент. 2016 08:09 803

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болған Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ, Президент Талдықорған әуежайындағы қайта жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын да назардан тыс қалдырған жоқ. Жергілікті билік орындары ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту басым бағыттарын жайында баяндады.

Президент Талдықорғандағы көпсалалы ауруханасы қызметкерлерімен кездесіп, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары жайында өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде аурухана қызметкерлері Елбасы жүргізіп жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына көрсетіліп отырған қамқорлық үшін алғыстарын айтты.

Президенті Алматы облысына жұмыс сапары барысында Оқушылар сарайына да барып, биология, физика кабинеттерін, техникалық шығармашылық модельдері көрмесін, хореография залын, үлкен концерт залын аралап көріп, көркемөнер галереясындағы суреттер экспозициясымен танысты. Оқушылар сарайының қызметкерлері Елбасы назарына ән және би өнері бойынша балалардың концерттік нөмірлері ұсынды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайына келетін балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі. Соңында Мемлекет басшысы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті. Ғимараттың жалпы алаңы – 13 мың шаршы метрден астам. Мекеме инфрақұрылымы шеберхана, зертхана, көрме және мәжіліс залдарын, сондай-ақ музей, медиатека, дыбыс жазу студиясы мен обсерваторияны қамтиды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды. Орталықтың жұмысымен, өңірдегі жастар саясатының негізгі бағыттарымен және басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асыруға негіз болып отыр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көп функционалды залды аралап көріп, онда Жаркент-Қорғас агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жоспарымен, сондай-ақ жаңа Нұркент қаласының бас жоспарымен танысты.

Жетісуға жасаған жұмыс сапарының қорытындысында Президент:

– Облыстың шекара бойында орналасуы экономиканың көлік-логистика және электр энергетикасы салаларын дамыту қажеттігін талап етеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылып, менің тапсырмаларымды облыс әкімінің тиянақты орындауының арқасында бұл салалар қарқынды дамуда. Өңірдің әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын да айтпай кетуге болмайды. Сонымен бірге халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістігінің тағы бірі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің сақталуы деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Қала тұрғындары облысқа қамқорлығы және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді мемлекеттік саясаты үшін Елбасыға алғыстарын айтты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға зор денсаулық және еңбектеріне табыс тіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Алматы облысына сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Елбасы өзінің 2014 жылы берген тапсырмаларының уақтылы орындалып жатқанын атап өтті.

– Алматы облысы – еліміздің көрікті өңірінің бірі және ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрін өндіретін аса маңызды аймақ. Жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының пайдалануға берілуі еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қала тұрғындары үшін тамаша сыйлық болды. Индустрияландыру бағдарламасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының одан әрі іске асырылуы экономикамыздың дамуына, соған орай халықтың тұрмыс деңгейінің артуына септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.

 

Дереккөзі: Қазақпарат

Рекомендовать
Последние новости