Полицей Жүнісов: "Әкеміз – Назарбаев. Біз бәріміз "назарбаевшымыз"

Dalanews 28 сент. 2016 05:30 867

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы жұртшылықпен жүздесті. Кездесуде Ішкі істер министрлігі оқу орталығы директорының орынбасары Амантай Жүнісов сөз алды.

- Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің әкеміз, біздің мемлекеттің қабырғасын қалаған адам. Қазақстандағы барлық тұрғындар – "назарбаевшылар". Осы себепті біздің мақсатымыз балаларымыз бен немерелерімізді "назарбаевшылар" қылып тәрбиелеу" – деді өз сөзінде Жүнісов. 

Жүнісов сөзін аяқтағаннан кейін Елбасы:

-Бұл ескі лозунгтерге ұқсайды. Мені мұншама асыра мақтаудың қажеті жоқ. Сендер болашақ полицейлерді баулып жатырсыңдар. Осы себепті олардың құлағы тәртіп сақшысының негізгі принциптерін құюға тиістісіңдер, – деді. 



Президенттің айтуынша, жолдағы пара алу және пара берумен күресу керек. "АҚШ-та пара беру туралы түсінік жоқ. Қазақстандағы полиция қызметкерлерінің жалақасы жақсы. Полиция адамның досы болуы керек. Халық өзін қауіпсіз сезінуі тиіс" деді Президент. 


Рекомендовать
Последние новости