Петропавлды Ресейге беруді үндеген сепаратист жындыханға жатқызылды

Dalanews 04 авг. 2023 12:24 1182

Теріскей өңірді Ресейге беруді талап етіп, ұлтаралық араздық туғызған Петрпавл тұрғыны психиатрлық ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Әлемжеліге "Петр Сидоров" деген бүркеншік атпен тіркелген Валерий Лихушин мемлекеттік тілге қарсы пікір білдіріп, қазақтарға тіл тигізген болатын.

Бұдан бөлек Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтіріп, солтүстік өңірлерді Ресейге беруге үндеген еді.

"Соның ішінде "великая прекрасная россия", "Наш Север", "пи**расы всякие», "хохлы", "чурки", "чуркобесы", "степь и говно", "косоглазые обезьяны"..." деген сынды шовинистік лексиконды жиі қолданған.

Лихушиннің желідегі провокациялық жазбаларын көзі шалған қолданушылар дереу құқық қорғау органдары мен ҰҚК-ге шағым түсірген.

4 тамызда Петропавл қалалық сотының судьясы Тахмина Собирова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі (ұлтаралық араздықты қоздыру) және Қылмыстық кодекстің 180-бабы бойынша айыпталған Валерий Лихушинге қатысты үкім шығарды.

Сот Валерий Лихушинді ақыл-есінің дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі емдеу үшін психиатриялық ауруханаға жатқызды. 


Мәлім болғандай, 50 жасар Лихушин бұған дейін де "жындыхананың" тіркеуінде тұрған.

Алайда жергілікті ақпарат көздері Лихушиннің ақыл-есі ауысқанына сеніңкіремейді.

"Сот процесі кезінде айыпталушы бет-аузын тырмалап, өзін жынды қылып көрсетпекке тырысты. Сот тарапынан қойылған қарапайым сұрақтарды түсінбеген кейіп танытып,  ақымақтың образына енді. Лихушиннің мұндай әрекетке баруы бекер емес. Қазақ халқына тіл тигізгені үшін 5 жылға сотталарын естіген сепаратист, осылайша темір тордан құтылуды көздеді", - деп жазады бұл орайда психиатр маманның пікірін білген 7152.kz порталы.

Айтпақшы


Адам басына 5 мың доллар: Кремль қазақтарды украин топырағын тыңайтуға шақыруда.

Толығырақ: https://t.me/dalainside/1418

Рекомендовать
Последние новости