Перизат Қайрат Бауыржан Бәйбекті де тергеуді сұрады

Көркем Алдабергенова 14 июл. 2025 12:32

Перизат Қайрат Бауыржан Бәйбекті де тергеуді сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін прокурорлар Перизат Қайратты қоғамдық ұйым құру кезінде құрылтайшылардың қолдарын қолдан жасады деп айыптаған болатын. Өз кезегінде айыпталушы сот тергеуін құрылтайшылардан жауап алудан бастауға шақырды, олардың пікірін тыңдап, жағдайды нақтылау қажет екенін айтты.

«Анаммен бірге қор құрды, қолдарды өздері қойды деп мені айыптап отыр. Ал бұл ұйым партия жанынан, Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек басшылық етіп тұрған кезде құрылған. Құрылтайшылардың барлығы, мені қоспағанда, кейбірі бұрынғы, кейбірі әлі де партия қызметкерлері», – деді сотта Перизат Қайрат.

Ол бұл сөзін жәбірленушіге сұрақ қойған кезде де бірнеше рет қайталап, Байбекті бірнеше мәрте атап өтті.

Еске салайық, Бауыржан Байбек 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы қаңтарға дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.


Рекомендовать
Последние новости